Президент Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тәсілін өзгерте беретінін сынады.
– Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне, осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады, – деді президент үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында.
Сондай-ақ ол денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмағанын, науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болғанын атап өтті.
Пікір қалдыру