Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жер мәселесін көтерді.
– 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, – деді президент.
Сонымен қатар ол игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасау заңнамалық тұрғыдан бекітілгенін, түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын жеткізді.
Пікір қалдыру