Қытайдағы Гуандун провинциясының Дунгуань қаласында салынып жатқан метро станциясы құлап түсті. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы inform.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жергілікті тұрғындар метро құрылысының опырылып құлаған сәтін таспаға түсіріп үлгерген.
Қайғылы оқиға кезінде стансаның қазаншұңқырында жер асты жұмыстары жүргізіліп жатқан. Опырылған аумақ 300-ден астам шаршы метрді құрайды. Төтенше жағдайдың салдарынан бір адам қаза тапты.
Пікір қалдыру