Грузия Саакашвилиді азаматтықтан айырмақ

/uploads/thumbnail/20170708192532522_small.jpg

Грузия билігі экс-президент Михаил Саакашвилиді азаматтықтан айыру туралы шешімге келген. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Комсомольская правда» газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Біз Киевтен экс-президент Михаил Саакашвилиге украин азаматтығының берілгенін ресми растайтын хабар күтеміз. Бұл расталған жағдайда біз оны грузин азаматтығынан айыру процесін бастаймыз», – деді әділет министрі Тея Цулукиани.

Әзірге Тбилиси Киевтен Саакашвилиге украин азаматығының берілгенін ресми түрде растауды күтіп отыр. Ал Грузия мемлекетінің заңдарына сәйкес, бұл елде екі мемлекеттің азаматтығы жүрмейді.  Сондықтан Саакашвили мырза өз таңдауын жасаса керек.

Еске сала кетейік, Саакашвили биылғы жылдың мамыр айында Одесса облысының губернаторы болып тағайындалған еді. Грузияның бұрынғы президенті осының алдында украин азаматтығын алған болатын.

 

Қатысты Мақалалар