Мәскеу Астанаға 5 зенитті-зымыран кешенін берді

/uploads/thumbnail/20170708192532991_small.jpg

Жақында Мәскеу ресми мүрде Астанаға 5 бірдей С-300ПС зенитті-зымырандық кешенін бергені туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттықтың  Ресейдегі қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, бес заманауи  зенитті-зымыран кешендері қайтарымсыз шарттар бойынша РФ Қорғаныс министрлігінен ҚР Қорғаныс министрлігінің  арсеналына берілген.       Қазіргі таңда заманауи зенитті-зымыран кешендері Алматы қаласы маңындағы  «Жетісу» бекетіне жеткізілген. 

«С-300ПС заманауи зенитті-зымырандар кешені Қазақстан қарулы күштерінің арсеналында болып, тәжірбиелік оқу-жаттығу шараларында сыналады. Кейін ҚР Әуе қарулы күштерінің әскерлеріне тапсыралады. Олар Қазақстанның әуе кеңістігін қорғауға бағытталған жұмыстарды атқаруға негізделген»,-делінген хабарламада.

Ал Мәскеу ресми түрде Астанаға бес бірдей С-300 дивизионының қайтарымсыз берілетіні туралы ақпан айында хабарлаған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар