Қазақстанға Ресейден 55 тонна дәрі жеткізілді

/image/2020/07/11/crop-22_81_523x929_107629178_1532219306955926_353283890244124402_o.jpg

Қазақстан Азаматтық авиациясының екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді. Онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкелінген дәрі-дәрмек ішінде 150 мыңға жуық азитромицин таблеткасы, миллионға жуық цефтриаксон, тамифлю препаратының 150 мың пакеті, арбидолдың 50 мың орамасы бар.

Министрлік бұл қор бір айға жетеді деп отыр. Келген фармөнімдер "дәріханаларға біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі" дейді ведомстводағылар.

"Осы борт келесі аптада Үндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмекке барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылатын болады.

Дәрі-дәрмекті азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – нарықты жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жедел қамтамасыз ету үшін Үкімет әзірлеген шаралардың бірі. Мұндай рейстер Қазақстандағы дәріхана желілерін тұрақты түрде дәрі-дәрмекпен толықтырып отырады" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар