Қазақстанның президенттігіне үміткер болған Жақсыбай Базылбаев дүниеден өтті. Бұл туралы kaztag.kz хабарлады.
"Жақсыбай Базылбаев бірнеше сағат бұрын инфаркттан қайтыс болды", делінген агенттік таратқан хабарламада.
Саясаткерді жерлеу рәсімі Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылында өтеді.
1998 жылдан бастап Базылбаев Алматы қаласының білім беру, Денсаулық сақтау және өнеркәсіптік кәсіпорындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау қозғалысының жетекшісі, Бүкіләлемдік қол күресі федерациясы қамқоршылар кеңесінің белсенді мүшесі болды.
Саясаткер 1998, 2005 және 2011 жылдардағы сайлауда Қазақстан Президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынған.
Пікір қалдыру