ДДСҰ: Жақын уақытта қалыпты өмірге оралмаймыз

/image/2020/07/14/crop-2_118_344x576_2dfef5bfd32eda2d29bf7365b4f23445.jpeg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебреисус әлемнің көптеген елдері COVID-19-бен күресте дұрыс бағыт ұстанбады деп есептейді. Бұл туралы reuters агенттігі хабарлады

Оның айтуынша, дүниежүзінде жақын арада қалыпты жағдай орнай қоймайды. 

Гебреисус прогреске қарамастан, жаһандық деңгейде пандемия қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, жағдай әлі де нашарлайды. 

Коронавирус 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында пайда болды. 11 наурызда ДДСҰ коронавирус індетін ресми түрде ғаламдық пандемия деп жариялады.

Осы уақытқа дейін әлемде 13,2 млн адам коронавирус  жұқтырды, қайтыс болғандар саны – 574 мың 671 адам .

Вирустың таралуы бойынша АҚШ көш бастап келеді. Бұл елде 3,5 миллионға жуық адам COVID-19 жұқтырған, қайтыс болғандар 138 мыңнан асты. Екінші орында Бразилия тұр. Бұл елде 1,88 миллион адам вирус жұқтырған, олардың 72 мыңнан астамы өлді. Ал Үндістанда 878 мың адам вирус жұқтырған, 553 мыңы емделіп, 23 мыңнан астамы қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар