Мемлекеттік гранттарға онлайн өтініш беру мерзімі ұзартылды

/image/2020/07/15/crop-11_36_490x871_cf44bfa970ee5d2b727a4c28f0296359_xl.jpg

Білім және ғылым министрі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысатындардан өтініш қабылдау мерзімін ұзартты. Құжат 20 шілдеге дейін емес, 25 шілдеге дейін онлайн негізде қабыладанады. Бұл туралы министрліктің instagram парақшасында хабарланды.

Конкурсқа қатысу үшін талапкер Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы төмендегідей құжаттарды тапсыруы қажет:

♦ өтініш;
♦ білімі туралы құжат;
♦ жеке куәлік көшірмесі.

МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР УАҚЫТША ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.
♦ ҰБТ сертификаты жүйеде автоматты түрде пайда болады, сондықтан оны Egov.kz- ке жүктеудің қажеті жоқ.
ҰБТ сертификаттары электрондық форматта берілген болатын!

Конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік гранттың берілгені туралы электрондық сертификат ұсынылады. Талапкерлерге қағаз сертификаттарды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.

Гранттарды тағайындау форматы өзгерген жоқ, яғни маусым айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша үміткерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады. Осы жылы гранттар оқу тіліне байланысты болмайды.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерд тамыздың 10-25 аралығында оқуға қабылданатын болады.

Жоғары оқу орындарында білім қашықтан беріледі. Зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика ғана дәстүрлі форматтажеке кесте бойынша жүреді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар