Карантин кезінде той жасағандарға қылмыстық іске дейінгі жаза қолданылады

/image/2020/07/15/crop-20_3_290x516_toy.png

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте карантин кезінде отбасылық жиын-той жасағандарға қандай жаза қолданылатынын айтты.

– Карантин кезінде ауласында отбасылық салтанаттар мен той жасағандар әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылады. Алғашқы заң бұзушылық үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салу көзделген, – деді ол.

Оның сөзінше, карантин кезіндегі той азаматтардың жаппай індет жұқтыруына әкеліп соқса, онда айыппұл көлемі артады.

Ал тойға барып індет жұқтырғанның соңы қайғылы аяқталса, онда той иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар