Дәрігер: Қытай дәрісінің сынақ материалы болмаңыздар

/image/2020/07/15/crop-158_181_462x821_165509731200.png

Медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер Мақсат Әбдіқадырұлы қытайлық Lian hua Qing wen туралы өз Facebook парақшасында жазба қалдырды.

"Әлеуметтік желілерде дәл осы және осыған ұқсас дәрілердің рецепттері қаптап жүр. Осы жазбаларға байланысты, дәрігер ретінде біздің тарапымызға көптеген сұрақтар келуде. Сондықтан, мен Мақсат Әбдіқадырұлы жалпы медицина саласында 30 жылдан аса, соның ішінде ҚХР медицина саласында 17 жылдан аса жұмыс істеген Медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер ретінде препаратқа түсіндірме беріп кетуді жөн санадым.

Lian hua Qing wen препараты
Мен Қытайдағы әріптес мамандардан сұрастырып және дәрі шыққан заводтың көрсеткіштерін тексеріп көрдім. 2020 жылғы 2 ақпанда Lian hua Qing wen препараты Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шешімі бойынша жаңа коронавирусты диагностикалау және емдеу бағдарламасына сынақ ретінде енгізілді. 2020 жылдың 4 сәуірінен бастап ҚХР клиникаларында коронавируспен ауыратын науқастарға клиникалық тәжірибе ретінде ғана қолданылып жатқан дәрі. Клиникалық тәжірибеден өтіп, ресми коронавирусты емдейді деген статус алмаған. Яғни, сынақ ретінде ғана қолданыста жүрген дәрі.
Препарат мына ауруларды емдеу кезінде қолданылады:
- Тұмау;
- Суанфай безгегі:
Жағымсыз әсерлері:
1. Бұл дәріні қабылдаумен қатар, басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдау ұсынылмайды.
2. Балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер, егде жастағы адамдар дәрігер бақылауымен қабылдау керек.
3. Гипертония және жүрек-қантамыр, бауыр, қантты диабет, бүйрек аурулары сияқты ауыр, созылмалы аурулары бар адамдар да дәрігердің бақылауымен қабылдауы керек.
4. Дене қызуы 38,5-ден жоғары науқастарға қабылдауға болмайды.

Сондықтан, Қазақстан халқына осы Қытай дәрісінің сынақ материалы болмаңыздар деп ескертемін!",- делінген жазбада. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар