Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 65 мыңнан асты

/image/2020/07/16/crop--5_5_447x794_200710114927297e.jpg

Өткен тәулікте Қазақстанда 1674 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведоствоның мәліметінше,  1674 адамның 863-інде  аурудың клиникалық белгілері жоқ. 

Өңірлер бойынша ең көп адам Атырау облысында анықталған. Өткен тәулікте бұл облыста 218 адамнан коронавирус табылған. 

Аймақтар бойынша толық статистика төмендегідей: 

  (жалпы/ симптомсыз)
• Нұр-Сұлтан қаласы - 204 / 83
• Алматы қаласы - 219 / 126
• Шымкент қаласы - 76 / 40
• Ақмола облысы - 43 / 24
• Ақтөбе облысы - 53 / 28
• Алматы облысы - 88 / 55
• Атырау облысы - 218 / 176
• Шығыс Қазақстан облысы - 133 / 60
• Жамбыл облысы - 87 / 46
• Батыс Қазақстан облысы - 101 / 61
• Қарағанды облысы - 100 / 36
• Қостанай облысы - 49 / 21
• Қызылорда облысы - 74 / 36
• Маңғыстау облысы - 41 / 25
• Павлодар облысы - 63 / 20
• Солтүстік Қазақстан облысы - 95 /7
• Түркістан облысы - 30 / 19

Соңғы ресми ақпаратқа сай, елде коронавирус жұқтырғандар саны  65 мыңнан асты. Осы уақытқа дейін олардың 39 мыңнан астамы жазылып шақты, 375 адам көз жұмды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар