Депутат: Жекеменшік ауруханаларға тегін жұмыс істеуге рұқсат бермей отыр (видео)

/image/2020/07/16/crop-91_122_614x819_snimok-ekrana-45.png
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова медициналық сақтандыру қорының басшылығы жекеменшік ауруханалардың тегін жұмыс істеуіне рұқсат бермей жатқанына наразылық білдірді. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазды.
 
"Достар сіздер тегін режимде жұмыс істеуге дайын тұрған жекеменшік ауруханалардың бар екенін білесіздер ме? Медициналық қызметкерлерімен, барлық қажетті құралдарымен, арнайы желдеткіштерімен, жансақтау және хирургиялық бөлмелерімен, эпидомиологиялық талаптардың барлығы сақталған, лицензиясы бар толық жабдықталған осындай аурухана жергілікті медициналық сақтандыру қорының қолдауына ие бола алмаған. 
 
Рұқсат бермей жатыр болды.
Қала әкімі де жұмыс жасай берсін дейді. СЭС және министр қолдау көрсетіп отыр. Тек медициналық сақтандыру қоры келісімшартқа қол қойғысы келмейді. Ал бұл уақытта адамдар қырылып жатыр.
 
Бақытжан Сағынтаев Алматы  медициналық сақтандыру қорының басшысы лауазымын толықтай тексеруіңізді сұраймын. Дәл осы уақытта дайын тұрған клиниканы жабық ұстау қылмыс!" делінген жазбада. 
 
 
"Бұйрық әкімдікпен келісілді және қазіргі уақытта әділет министрлігінің жауабын күтіп отыр. Қор короновируспен күрес үшін кез келген ауруханалармен келісімшартқа отыруға дайын, жекеменшік болса да. Ең бастысы жергілікті денсаулық сақтау басқармасы келісім берсе болды" деп мәлімдеді медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Досым Енкебаев. 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар