Алматыда дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты аман алып қалды

/image/2020/07/17/crop-1_0_561x997_shutterstock_279336389.jpg

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері өкпесі 100 пайыз зақымданған науқастарды аман алып қалды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, аурухананың реанимация бөліміне күніне 5-6 науқас ауыр жағдайда түсіп жатыр. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде 16 науқас жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ науқастарға қанды сұйылтуға арналған препараттар беріліп, антибактериалды ем көрсетіліп жатыр. 

Аурухананың жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін реаниматолог Айжан Шеризатқызының айтуынша, дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған 44 жастағы ер адамның өмірін аман алып қалған. Науқасты бір аптаның ішінде реанимациядан палатаға ауыстырған.

– Ол науқас бірден өкпенің жасанды вентиляциясына ауыстырылды. Түрлі ем қабылдады. Бұл біз үшін өте ауыр. Үйге бармағалы 2 жарым ай болды. Мамыр айынын бері осы коронавирус ауруымен күресудеміз. Науқастарды емдеп, оларды осы қиын жағдайдан шығарып, үйіне шығару біздің мақсатымыз, – деді орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айжан Айтбаева.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар