Трамп Қытайдың миллиондаған тұлғасына санкция салмақ

/image/2020/07/17/crop-11_11_734x1140_070815550700.jpeg

Трамп Қытайдың миллиондаған тұлғаларына санкция салмақ. Санкцияға Қытай коммунистік партиясының жоғары лауазымды тұлғаларынан бастап, олардың балалары, отбасы мүшелері, тіпті, бизнес өкілдері және ондаған миллион қытай азаматы енуі мүмкін. Бұл туралы Қамшы тілшісі Уолл-Стрит Джорнал, Reuters және Нью-Йорк Таймс газетіне шолу жасап, хабарлады.

Трамп әкімшілігі Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) лауазымды мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне АҚШ-қа сапарлауға тыйым салуды қарастыруда, – деп хабарлаған Ақ үйге жақын ақпарат көздері.

– Алайда шешім қабылдау процесі әлі ерте сатыда және бұл тыйым ретроактивті түрде қолданылатыны әлі анықталған жоқ. Сондықтан оған АҚШ-та тұрып жатқан адамдар да кіруі мүмкін, – деп хабарлады Уолл-Стрит Джорнал.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кайли МакЕнани журналистерге АҚШ Қытайға қатысты барлық нұсқаларды қарастыратынын мәлімдеді.

Ал бұл ақпаратты алғаш болып жариялаған Нью-Йорк Таймстың пікірталастары бойынша, бұл Вашингтонның Бейжіңмен арадағы араздықтың ең қатаң әрекеттерінің бірі болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар "ондаған миллион қытайға виза беруден бас тарту туралы шешім болуы мүмкін" десе, кейбірі мұны "жаңа қырғи-қабақ соғыстының басталуы" деп түсіндіруде. 

– АҚШ-тың көптеген агенттіктеріндегі шенеуніктер Коммунистік партия мүшелерінің балаларының Америка университеттерінде оқуына тыйым салу туралы мәселені қарастыратын процеске қатысады, – дейді талқылау туралы ақпарат таратқан дереккөздер.

Мұндай тыйымның қалай талқыланып жатқаны Трамптың көмекшілері бәрін дайындаған кезде жариялануы мүмкін. Себебі Қытайға қарсы қатаң тақырыптарды Трамп өзінің қараша айындағы қайта сайлау науқанына бағыттайды.

Трамп пен президенттіктен үміткер демократ Джо Байден екеуі Қытайға қарсы қатаң саясаттан бір-бірінен асып түсу үшін бәсекеге түсуде.

"Мұндай тыйым жүзеге асырылса, Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары деңгейінен бастап әртүрлі деңгейіне дейін соққы беріледі" дейді Reuters агенттігі. Тіпті бұған тек қана дипломаттар ғана емес, сонымен бірге бизнес-менеджерлер де кіруі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ соңғы апталарда Қытайға бірқатар санкциялар енгізсе де, Трамп Гонконгқа қатысты Қытайдың кейбір жоғары лауазымды шенеуніктерін санкциялауға дайын емес екенін хабарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар