Павлодарлық мейіргер: Біз сонда не үшін керекпіз?

/image/2020/07/17/crop-16_2_588x1045_f11c3604-c056-4597-92a5-f1dbe739fb9f_w1080_h608_s.jpg

Катерина есімді павлодарлық мейіргер Instagram парақшасында дәрігерлердің жұмысы туралы әлеуметтік желіде жазылған жағымсыз пікірлерге наразылық білдірді.

"Кейде маған осы бізді, яғни мейіргерлерді ешкім қажет етпейтін секілді.

Иә, керек емеспіз, себебі сіздер қалай емделу керектігін, қай дәріні қай уақытта ішу керек екенін білесіздер ғой. Қай екпені қайда салу керек екенін нұсқап отырасыздар.

Біз сонда не үшін керекпіз? Аяқ киім сүрту үшін бе?

Мен ешкімнен қошемет сөздер күтпеймін, тек желіде жазылған "ой, олар не істеп жатыр", "менің жақынымды жатқызды ешкім қарап жатқан жоқ, оларға бәрібір" деген пікірлерді көргенде көңілім құлазып кетеді.

Рет-ретімен айтайық.

Күніне төрт мейіргер жұмысқа шығамыз. Екеуі бекетте, екеуі ем-шара қызметінде. Бөлімшеде жатқан жетпіс адам. Әр науқастың емдеу шаралары әртүрлі.

Бір бөлімшеде 70 адам, 4 мейіргер.

Біз физикалық тұрғыда алып қарасақ, сіздер ойлағандай уақытты бөле алмаймыз. Арнайы киімнің ішінде тұншығып жүргенімізге қарамастан, біз барлығы үшін уайымдаймыз. Дәл солай ауырып жатқан жақындарымыз үшін де алаңдаймыз. Кейде олардан айырылып та қалып жатамыз. Соның барлығына қарамастан біз сізге және жақындарыңызға көмектесу үшін күнде жұмысқа келеміз. Біз де адамбыз, бірақ біз жағаның басқа жағындамыз. 

Өздеріңіздің ашуға толы пікірлеріңізді іште ұстаңыздаршы. Біз қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз, кейде одан да көп. 

Ауруханадан бір адам ем алып, жазылып шықса, сол біздің жұмысымызға берілер баға" делінген дәрігер жазбасында. 

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде коронавирусқа шалдыққандар саны 66 895 адамға жетіп отыр. Осы уақытқа дейін олардың 39 066-ы ауруынан жазылып шықты. Ал 375 адам індеттен көз жұмды.


Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар