Әлеуметтік желіде пневмониядан тұншығып, қиналып жатқан науқастың видеосы жарияланды.
Бейнекадрда қырғызстандық волонтер София-Айдана және тағы бес жігіт пневмониядан тұншыға бастаған адамға көмектесіп жатыр.
– Мен пациентті Ақ-Орго қаласынан Бішкекке алып келдім. Оған жол бойы дем жетпей, өзі ауруханаға дейін шыдамай өлетінін айтты. Біз оны ауруханаға алып келгенде бос орынның жоғын айтып қабылдамады. Тіпті ауыр халде келген пациентке оттегімен де дем алуға мүмкіндік бермеді, – деді волонтер.
Волонтер көзіне жас алып марқұмның соңғы өтінішін жеткізді. ОЛ "қызыма оны жақсы көретінімді айтшы" деген.
Соңғы деректерге сүйенсек, Қырғызстанда 23 783 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 6096 адам індеттен жазылып шықса, 785 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру