Дүрбелең: Еуропада коронавирустың екінші толқыны басталды

/image/2020/07/17/crop-13_5_455x619_aaa...eur.jpg

Еуропада коронавирустың екінші толқынының алғашқы белгілері пайда болды. Барселона карантин жариялады. Бельгияда Covid-19-дың жаңа жағдайлары 32 пайызға артқан. Швецияда қайта медициналық тексеру басталды. Ұлыбританияда коронавирус шектеулерін жаппай бұзған әлеуметтік ретсіздік пайда болды. Бұл туралы Қамшы тілшісі шетел ақпараттарына қысқаша шолу жасап хабарлайды.

"Өткен аптамен салыстырғанда, Бельгияда коронавирустың апталық жаңа жағдайлары 32 пайызға артты. Covid-19 инфекцияларының екінші толқыны басталуы мүмкін" деп хабарлайды Daily Mail.

Ал The Sun газеті Барселонаның карантинге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Испаниядағы пандемияның екінші толқыны салдарынан 1,6 миллион адамға "үйде болу" ескертілген.

Daily Express басылымының ақпаратынша, Швеция да ұқсас жағдайларға байланысты медициналық тексерулер басталған.

Ұлыбританияда шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін адамдар барлар мен мейрамханаларға жиналған. Төрт айлық шектеу алынғаннан кейін бірінші күннен бастап тұрғындар бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, көп болып жиналып, бірін-бірі құттықтап, бас қосулар ұйымдастырған. Бұл жағдайға байланысты Ұлыбритания үкіметі барлардың қайта ашылуын сынға алған.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар