Барселонада карантин жарияланды

/image/2020/07/17/crop-13_5_458x609_aispan.jpg

Барселона карантинге көшуге мәжбүр болды. Испаниядағы пандемияның екінші толқыны салдарынан 1,6 миллион адамға "үйде болу" ескертілді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Билік Испанияның екінші үлкен қаласы, 1,6 миллион халқы бар Барселона тұрғындарын жұмада үйден шықпауға және 10-нан аса адам болып топтаспауға шақырды. Каталонияның денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Альба Вергес баспасөз мәслихатында "Біз адамдарға мүлдем қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес береміз" деп жариялаған. 

Сонымен бірге Испанияның туристік нүктелерінің бірі саналатын Барселона тұрғындарына керекті заттарды интернет-дүкендерден сатып алуға нұсқау берілген.

Бұған дейін әлем бойынша бірінші болып Қазақстан қайта карантин жариялаған болатын. Одан кейін іле-шала Австралия локдаун шараларын енгізді. Көп өтпей Үндістан да карантин жариялауға мәжбүр болды.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар