Пандемия кезінде барлық жастағы адамдар үшін мүмкіндігінше белсенді болу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) белсенді болу компаниясы сізге дұрыс жаттығу жасауға және көңіл-күйіңізді жақсартуға көмектеседі. Қамшы тілшісі ДДСҰ ресми сайтындағы пайдалы жаттығулар туралы апқараттарды қазақ тіліне аударып ұсынады.
Сіздің жас мөлшеріңізге қандай жаттығулар ұсынылады?
ДДCҰ-ның барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ұсынымдары:
1 жасқа дейінгі сәбилер
• Барлық нәрестелер күніне бірнеше рет физикалық белсенді болуы керек.
• Әлі қозғала алмайтын нәрестелерге ояу кезінде 30 минуттай уақыт еңбектеген күйінде, еденге негізделген ойындар ойнатқан жөн.
5 жасқа дейінгі балалар
• Барлық жас балалар күніне кемінде 180 минутты кез келген қарқында дене шынықтырудың әртүрлі түрлерімен айналысуға тиіс
• 3-4 жастағы балалар бұл уақыттың кем дегенде 60 минутын орташа қарқындылыққа және физикалық белсенділікке жұмсауы керек
5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер
• Барлық балалар мен жасөспірімдер күніне 60 минуттан орташа және күшті физикалық белсенділікпен айналысуы керек
• Мұнда кем дегенде аптасына 3 күн бұлшықет пен сүйекті күшейтетін іс-шаралар болуы керек
• Күн сайын 60 минуттан артық дене шынықтырумен айналысу денсаулыққа қосымша пайда әкеледі
18 жастан асқан ересектер
• Барлық ересектер апта бойы кем дегенде 150 минут орташа қарқындылықпен немесе апта бойы 75 минуттан жоғары белсенділікпен айналысуы керек.
• Денсаулыққа қосымша артықшылықтар алу үшін ересектер орташа қарқындылықтағы физикалық белсенділікті аптасына 300 минутқа дейін немесе оған теңестіру керек.
• Қаңқабұлшық еттерінің денсаулығын дамыту және қолдау үшін бұлшықетті күшейтетін іс-шаралар аптасына 2 немесе одан да көп мәрте жасалуы керек.
• Сонымен қатар, қозғалысы нашар ересек адамдар баланысты сақтау жаттығуын жасауы керек. Бұл құлауға, жарақат алуға жол бермеу үшін пайдалы. Бұл жаттығулар аптасына 3 немесе одан да көп күн болып, физикалық белсенділікпен айналысуы керек.
Айта кетейік, бұған дейін пандемия кезінде физикалық жаттығулардың пайдасы туралы ДДСҰ ресми сайтынан аударып жариялаған болатынбыз.
Ал COVID-19 туралы "көп су ішу коронавирусты емдеуге көмектесе ме?", "алкоголь COVID-19-ды емдей ме?" деген сияқты сауалдар үшін "коронавирус сұрақ-жауаптарын" оқуға кеңес береміз.
Пандемия уағында дұрыс тамақтану да өте маңызды. Коронавирус кезінде қандай тамақтар пайдалы екенін білгіңіз келсе, ДДСҰ-ның дұрыс тамақтану туралы нұсқауын оқыңыз.
Пікір қалдыру