Біріккен Араб Әмірліктері араб әлемі үшін алғашқылардың бірі болып Марсқа арналған ғарыш кемесін сәтті ұшырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ғарыш кемесі бүгін таңертең Жапонияда жергілікті уақыт 6:58-де сәтті ұшырылған.
Жоба бойынша жұмыс істеген ғылыми топты 80% әйелдер құрады, оны БАӘ-нің дамыған технологиялар министрі Сара Аль Амири басқарған.
"Үміт" деп аталатын ғарыш кемесі Жапонияның Танегашима ғарыш айлағынан "H2-A" зымыраны арқылы көкке көтерілген. Ол Марстың ауа-райы мен климатын зерттеу үшін 500 миллион шақырымдық сапарға шықты.
Өткен аптада ұшырылым екі рет қолайсыз ауа-райына байланысты тоқтатылған.
Пікір қалдыру