Қазақстанда карантин кезінде той жасап, салют атқан Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жұмбайлардың тойы Instagram желісіне жарияланған. Видеоны көрген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері той ұйымдастырған тұрғынды анықтаған.
Карантин талабына бағынбаған Сарыағаш ауданының тұрғыны келін түсіріп, тойында отшашу атқан. Тәртіп сақшылары мен аудандық жергілікті органдардан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына барған. Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне тиісті шаралар қолданылды.
"Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлері той өткізген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, әрбір азаматтың өз өмірі мен денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру