Жеке қорғаныс құралдары үшін 7,2 млрд теңге бөлінді

/image/2020/07/21/crop-5_74_712x1266_s3-e3-重看切尔诺贝利灾难中的系统官僚与真相-qr65bm73lpi-at6qgb5

Пандемия кезінде алғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін үкімет резервінен 7,2 миллиард  теңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында хабарлады.

– Алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатқа 7,2 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн маска, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынады, – деді ол үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, елде бір реттік үш қабатты медицина маскасының бағасы 28 пайызға арзандаған. Сондай-ақ ол 2021 жылдың қыркүйегі мен ақпан аралығына арнап жеке қорғаныс құралдарынан резерв жасалатынын айтты.

 

 



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар