Коронавирустан көз жұмғандар арасында балалар бар ма?

/image/2020/07/21/crop-3_17_420x746_0e391e6b969.jpg

Әлеуметтік желілерде коронавирус індетінен көз жұмған балалар туралы ақпараттың жалған екені белгілі болды. Бұны Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ел бойынша COVID-19 жұқтырған 73 400 адам тіркелген. Оның 61,8 пайызы жазылып шықты. Пневмонияға шалдыққан 8 мыңға жуық адам ауруханаларда емделіп жатыр.

– Мамыр айынан бері мыңнан аса бала ауырған. Ауруханаларда 100-ден астам бала жатыр. Олардың барлығы коронавирустық инфекцияның жеңіл түріне шалдыққан. Аурудан көз жұмғандар арасында балалар жоқ, – деді вице-министр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар