Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясынан 59 медицина қызметкері қайтыс болғанын айтты.
– Тізімді біз аймақтардан алып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Осы күнге дейін жұмыс орындарында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтыруының 123 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 медицина қызметкері көз жұмды, – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді.
– Біздің міндет – тізімді жинап, тапсыру. Тізімнен бөлек сол дәрігердің нақты қайда – үйінде әлде жұмыста жұқтырғаны қаралатын эпидемиологиялық карта бар. Яғни нақты эпиданализ бар, – деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігі 3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам қайтыс болғанын мәлімдеген.
Пікір қалдыру