Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында қаладағы өкпенің қабынуына ұшыраған науқастардың жағдайын түсіндіріп өтті.
Қала әкімі маусым айында науқастар санының өскенін айтты.
– Жыл басынан бері қарай өкпе қабынуына ұшыраған 6175 науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны – 133, – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Әкім ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен күнделікті сөйлесіп тұратынын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы хабардар болатынын жеткізді.
– Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде 7-ші клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кездері емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. 4-ші клиникада да, ЖМЖА-да, 1-ші клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни, өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді, – деп хабарлады қала әкімі.
Пікір қалдыру