Алматыдан Ыстықкөлге апаратын төте жол анықталды

/uploads/thumbnail/20170708192632704_small.jpg

Елбасы Н.Назарбаевтың Қырғызстанға сапары кезінде Алматы - Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы туралы нақты шешімдер қабылданған болатын. Екі жақты жұмыс тобы бағыттың тікелей тиімді нұсқасын анықтады: Алматы - Ұзынағаш - Қастек (бұрынғы Михайловка ауылы) - Қарасай батыр - Ыстықкөл бойынша бағытталған.

Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Tengrinews.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Алдағы уақытта Қазақстан аумағы бойынша Ұзынағаштан Қастек ауылына дейінгі 42 шақырым болатын жолды қайта жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұдан әрі ұзындығы 47 шақырым болатын жаңа жол құрылысы қажет.

Жоспарланған аумақты басып өтетін жол  теңіз деңгейінен  2 640 метр жоғары орналасқан, төңірек бедері қиын, серпантин бойынша шұғыл өрден өтетін Жаңа Қастек асуы арқылы өтеді. Асудан жүріп өткеннен кейін бағыт Еңбек және Қарасай батыр (бұрынғы Михайловка ауылы) шекаралық ауылдары арасымен өтетін болады. Ол жерлерде 5 мыңға жуық адам тұрады.

Алматы-Ыстық көл жаңа бағыты бұрын болған 480 шақырым жолдың орнына 280 шақырым болады.  Осы бағытты таңдау Еңбек және Қарасай батыр ауылдарын Алматы қаласымен байланыстыруға мүмкіндік береді, ол осы өңірлердің дамуына оң ықпал етеді.

«Алматы-Ыстықкөл» жаңа жол құрылысы туризмнің өркендеуіне әсер етеді, елдер арасындағы транзит әлеуетін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ, жағымды әлеуметтік-экономикалық күш беріп, аталған бағыттың бойында орналасқан елді-мекендердің дамуына мультипликативтік әсер береді. 

Қатысты Мақалалар