«Қазақстан халқы Ассамблеясы этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» атты байқауға қатысу үшін материалдарды қабылдаудың басталғанын жариялайды. Оған телевизия, радио және баспасөз тілшілері қатыса алады. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы inform.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ал, байқауға қатысушылардың міндетіне келсек: ұсынылатын материалдардың мазмұны рухани келісім идеяларын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен насихаттауға бағытталуы қажет. Сонымен қатар ұсынылатын материалдар Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қатынастардың әр түрлі қырларын қамтып, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблеялардың қызметін баяндап, Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға атсалысуы қажет".
2015 жылғы байқау бес номинация: «Қазақстандық патриотизмді нығайту», «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру», «Ұлтаралық достық пен татулықты бекіту», «Қазақстандағы ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін дамыту», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру» аталымдары бойынша өтеді.
Байқауға қатысуға өтініштер қазанның 25-іне дейін қабылданады. Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың қарашасында ҚХА халықаралық медиа-форумы аясында жарияланады.