Қостанайда полиция көлігі соққан машинаның 4 жасар жолаушысы көз жұмды (видео)

/image/2020/07/25/crop-198_10_524x698_7360d9aa-fb86-4763-b8b1-7e79d20fb966.jpg

Бүгін Қостанай облысында екі жол апаты болып, салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, бүгін сағат 16.00-де Қостанай-Рудный автожолының 10-шақырымында патрульдік полиция  автокөлігі "ВАЗ 2115" көлігіне соқтығысып, 4 жасар бала оқиға орнында қаза болған.

Департамент таратқан хабарламаға қарағанда патруль көлігі сол жолдың бойында болған басқа апатты тексеруге бара жатқан. 

– Автопатруль осы жолдың 17-шақырымында болған жол апатына бара жатқан. Бірер сағат бұрын тағы бір "ВАЗ 2115" көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен болатын. Салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалды, – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Кенже Қонысбай.

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, патруль көлігі жол үстінде дабыл белгісін қосып жүрген. Қазір осы оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар