Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Оралдағы өртке оранған орманнан 100-ден астам адамды қауіпсіз аймаққа жеткізгенін (эвакуациялағанын) хабарлаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ресми мекемелердің мәлімдеуінше, өрт 14-тамыз күні кешкі уақыттарда басталған. Өрттің қатты күш алуының салдарынан қаланы түтін басып кеткен. Қалалық өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел жұмысы арқасында өрттен 104 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған. Сондай-ақ, 20-дам астам жеке көліктер құтқарылған. ТЖД хабарлауынша, оқиға орнында департамент қызметкерлері көмек көрсетуде. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт құрғақ шөптен шыққан. Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.
Өрттің жалпы аумағы 35 гектарды құраған. Қазіргі таңда оқиға орынында ТЖД-ның 137 қызметкері мен 29 бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, БҚО ІІД-нің 10 қызметкері мен 3 техникасы қызмет көрсетуде.
Нұрзат Тоғжан