Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«11 шілде таңғы сағат 8:00-ден 13 шілде таңғы 6:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен С.Қожамқұлов көшесінен Ә.Шәріпов көшесіне дейін жол жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.
Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты.
Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту – тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыру, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.
Басқармадағылар, бұл қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.
Пікір қалдыру