Сәтбаевта ұсталған күдікті екі айға қамауға алынды

/image/2020/07/27/crop-5_6_158x280_bez-nazvaniya.jpg

Сәтбаевта 5 жасар қыз баланы ұрлады және зорлады деген айып тағылған күдіктіні екі айға қамау үшін санкция тағайындады, – деп хабарлады облыстық сот.

Қамау мерзімі күдікті ұсталған 23 шілдеден бастап есептеледі. 

Сот отырысы карантинге байланысты бейнебайланыс арқылы өтті. Күдіктінің адвокаты 62 жастағы ер адамды қамауға алмауды сұрады. Қорғаушы күдіктінің бірқатар сырқатының бар екенін алға тартты. Сондай-ақ адвокат тұрғындар тарапынан қауіптің болатынын ескеруді сұрап, оны бостандыққа шығарса күзет қажет екенін айтты. Дегенмен судья күдіктіні қамауға алу жөнінде шешім шығарды. 

23 шілдеде Сатбаевта үй ауласында ойнап жүрген 5 жасар қыз бала жоғалып, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен табылған болатын. Баланы ұрлаған күдіктіні тұрғындар заңмен емес, өз қолдарымен жазаламақ болып, полициядан оны беруді талап етті. Полицияға жаппай тәртіпсіздікке ұласудың алдын алу үшін тарқамай тұрған наразы топты сабырға шақыруға, қауіпсіздік шараларын қабылдауға тура келді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар