Қазақстанда инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

/image/2020/07/28/crop-0_17_320x459_19-infektsionnyy-statsionar.jpg

Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады.

Аймақтар бойынша: 

Ақтөбе облысы – БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);

Атырау облысы – Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);

Қарағанды облысы – облыстық кардиоорталық жанындағы "Турист" қонақ үйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);

Нұр-Сұлтан қаласы – Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек инфекциялық стационар);

Шымкент қаласы – облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын) жабылады

Төсек-орын санының қысқаруы бойынша: 

Маңғыстау облысы – Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік), Бейнеу ауруханасы (30 төсектік), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);

Павлодар облысы – "Мойылды" шипажайы" АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь  (500 төсек-орын).

Қалған облыстар мен Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар