Алматының қоғамдық көліктерінің біріне маска кимей мінген бойжеткен бақылаушының "маска тағыңыз" деген талабын орындамай, дөрекі жауап берді. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Бейнекадрда қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыдан аялдамадан түсіп қалуын сұрайды. Алайда бойжеткен айтқан сөзге қарсылық танытып, бақылаушы мен жүргізушінің "қоғамдық орындарда маска тағып жүру қажет" деген талабын орындаудан бас тартады.
Сонымен қатар бойжеткен "Мені видеоға түсіруге құқың жоқ" деп бақылаушының ұялы телефонын жерге құлатады.
Бұдан алдын Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов маска тақпаған тұрғындарға айыппұл салынатынын хабарлаған болатын.
Пікір қалдыру