Шығыс Қазақстан облысында «Енбек» бағдарламасы бойынша 13,9 мың адамға қолдау көрсетілді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов мәлім етті.
- Өңірдегі 48 колледжде еңбек нарығына қажетті 3807 кадр даярлануда. Бұдан бөлек қыркүйек айында 1730 талапкерді қабылдау жоспарланып отыр, - деді Досхан Қайырханов.
Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары кәсіпкерлердің 534 жобасына мемлекеттік бюджет есебінен қаржы бөлінгенін атап өтті. Оған 2,2 млрд.теңге бөлінген. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында 473 грант тағайындалған. Оның жалпы құны 263 миллион теңге.
- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 331 адамға жолдама берілді. Сондай-ақ 5016 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деді Досхан Қайырханов.
ШҚО ақпарат орталығы
Пікір қалдыру