Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайтының баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұл қызметті Ботагөз Шаймарданқызы атқарған болатын.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында туған.
Еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ассистенті қызметінен бастаған. 2009 жылдың маусымынан бері "ҚазТрансОйл" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болды.
Пікір қалдыру