Экс-денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды

/image/2020/08/03/crop-119_6_436x581_photo_70283.jpeg

Экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевті екі ай мерзімге қамауға алу түрінде санкция шығарды" делінген сот хабарламасында.

Экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен ұсталған.

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты түсінік берді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар