Министрлік жаңа оқу жылындағы соңғы өзгерістерді хабарлады

/image/2020/08/04/crop-9_9_441x785_200312141128662e.jpg

Білім және ғылым министрі қашықтан оқыту форматында басталатын жаңа оқу жылына байланысты тың жаңалықтармен бөлісті.

Орта білім бойынша шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.

Бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспайды. Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.

Қашықтан оқыту форматында – 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда – 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп жоспарланған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауға тиіс.

Қосымша білім беру ұйымдарында балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдары ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар