«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау гарнизонында ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің Қарулы Күштерінде «Ата заңға адалмыз» атты патриоттық акциясы жалғасуда.
«Конституция - елдің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік дамуының қайнар көзі. Тәуелсіз ел болған жылдардағы біздің барлық жетістіктеріміз елдің негізгі заңының аясында іске асты. Осы жылдарды елдің қорғаныс қабілетін нығайту және кәсіби армияны күшейтубасты назарда болды. Бүгінгі күні Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің сенімді қалқанына айналды», - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметттік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов құттықтау сөзінде.
«Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Конституцияда бекітілгендей, ел тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға әрқашан дайын», - деді 25744 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерболат Толықбаев.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерейтой күні қарсаңында бірнеше әскери қызметшілерге мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілген. Атап айтсақ, 25744 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы гвардия капитаны Мәулет Тұяқбаев «Үздік отбасы» аталымын, осы бөлімнің 2-ші танк ротасының 1-ші взвод командирі гвардия капитаны Ақынбекұлы Бақберсін «Үздік рота командирі» аталымын еншіледі. Ал 2-ші танк ротасының 1-ші взвод командирі гвардия аға лейтенанты Жандос Темірбеков «Үздік взвод командирі» болды. Аталған бөлімнің танк батальоны сержанты, гвардияның 3-сыныпты сержанты Асхат Мусин «Үздік батальон сержанты», ал 1-ші жаяу әскерлер ротасының сержанты, гвардия сержанты Қайрат Есмұқанов«Үздік рота сержанты», сондай-ақ 2-ші теңіз жаяу батальоны отпен қолдау ротасының взвод сержанты, гвардия сержанты Әбдімәлік Әшірбеков «Үздік взвод сержанты» атанды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қарулы Күштердің қолдауымен өтетін«Ата заңға адалмыз» атты патриоттық акциясы осы аптада Қарағандыда өтеді. Ақтаудан кейін акция Шымкентте (18 тамыз) жалғасып, Өскеменде (24 тамыз) аяқталады.
Дереккөзі: ҚазАқпарат
Пікір қалдыру