Сүт өнімін өндіретін Ақтау қ. зауыттарының бірі өнім түрін екі есе ұлғайтып, Батыс Қазақстан мен Ресей нарығына шығуды жоспарлап отыр.
«Зауыт шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына қатысып отыр. Жобаны «Қазақстан халық банкі» АҚ ақпараттандырды, аталған бағдарлама 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейін несие алуға мүмкіндік береді. Осылайша кәсіпкер, тауар құнын төмендетеді», - деді Маңғыстау облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалының директоры Берік Нұрғалиев.
Мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорын сүт өнімінің түрін 15-тен 40-қа дейін ұлғайтты.
«Тан» сусыны шығарыла бастады. Сұйық және қою өнімдерді құюға арналған автоматты қондырғы сатып алынды», - деді «Берекет-Ф» ЖШС «Ақ нек» сүт зауытының директоры Асхатжан Ыбырай.
Зауыттың өндіріс қуаты тәулігіне 15 т дейін сүт өнімін құрайды.
Дереккөзі: ҚазАқпарат
Пікір қалдыру