Түркістан облысында ми тамыры зақымдалған жүкті әйелді дәрігерлер аман алып қалды

/image/2020/08/05/crop--6_67_435x773_200804181952858e.jpg

Түркістан облысында ми тамыры зақымдалған жүкті әйел аман қалды. Науқас келіншек облыстық клиникалық ауруханаға ишемиялық инсульт диагнозымен ауыр халде жеткізілген болатын.

Түркістан қаласының 36 жастағы тұрғыны Айжан Сүлейменова жүктіліктің 10-шы аптасында. Миының қан тамыры зақымдалып, өміріне қауіп төнген науқасқа дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Қазір жас келіншек пен құрсақтағы баланың өміріне төнген қауіп сейілген. Оған екі сағат бойы ота нейрохирург-дәрігер Әсет Қыдыров өміріне араша болып, кәсибі біліктілігін дәлелдеді.

Дәрігердің айтуынша, инсульт ауруы қазіргі таңда жастар арасында да жиі кездесуде. Бастысы отадан кейін де дәрігер нұсқауларын бұлжытпай орындау қажет. Өз кезегінде жас келіншектің ақ халатты жандарға алғысын жаудыруда.

«Қол-аяғым істемей, өте ауыр халге түсіп қалдым. Осы ауруханаға келіп, еміме шипа таптым. Дәрігерлерге шексіз алғыс айтамын», - деді Айжан Сүлейменова.

ФОТО

Сәтті ота аурухананың осыдан үш жыл бұрын ашылған рентгендік хирургия бөлімінде жасалды. Аталған бөлімде заманауи медициналық рентген аппаратны қолдану арқылы бас ми тамырларының зақымдалуында, жүрек, қатерлі ісік пен урологиялық және басқа да ауруларға байланысты 30-ға жуық ота сәтті жүзеге асырылған

Биылдан бастап тіпті жүрек қан тамырларында коронаграфия мен стендтеу әдісімен ота жасау қолға алынған. Жыл басынан бері білікті дәрігерлер құрамы 360 сәтті ота жасап, талай жанның өмірін сақтап қалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар