Атырауда жас балаға тиіспекші болған педофил ұсталды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Оқиға 6 тамыз сағат 19.45 шамасында "Көктем" ықшамауданындағы азық-түлік дүкені қасында болған. Ер адам мас күйінде көрінеу жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазір күдіктіге ҚР қылмыстық Кодексінің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген департамент баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Пікір қалдыру