Сириядағы Қазақстан азаматтары Мәскеуге жеткізілді

/uploads/thumbnail/20170708192718249_small.jpg

Бүгін Сирияның Латакии қаласынан Мәскеудің Домодедово әуежайына РФ төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы келіп қонды. Ұшақ бортында Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің азаматтары болған. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдын ала мәлім болғандай,  ұшақ бортында Сириядағы әскери амалдардың күшеюіне байланысты елден қашуға бел буған азаматтар мен Қазақстан, Ресей және Белорусияның азаматтары да болған.

РФ ТЖМ мәліметінде көрсетілгендей,  арнайы рейспен Мәскеуге барлығы 59 адам жеткізілген.

Еске сала кетейік, 2013 жылдан бастап Сириядан Қазақстан азаматтары келе бастаған болатын. Соңғы рет, РФ ТЖМ ұшағы арқылы 10 қазақстандықтың елге оралғаны туралы жазған болатынбыз.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар