Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның шетелден келетін импортқа тәуелді екенін айтты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова онлайн-брифингте мәлім етті, деп хабарлады tengrinews.kz.
– Ақпанда масканың бағасы 15 теңге болған, бірақ бұл кезде пандемия өршіп тұрған еді. Барлық ел, соның ішінде Қазақстан да жеке қорғаныс құралдарын сыртқа шығаруды тоқтатты. Бірақ біз импортқа, Қытайдан әкелінген шикізатқа тәуелдіміз. Сол кезде шикізат қолжетімсіз еді, ал өндірушілер медициналық ұйымдармен келісім-шарт бойынша жұмыс істеді. Сол уақытта шынымен бетпердеге тапшылық болды. Сонда біз СІМ-мен бірге процестерді автоматтандыру үшін жабдық әкелуге көмектестік.
Бұдан басқа, бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттар конкурсының қорытындысын шығарды. Бізде маска өндірушілердің саны артты. Мемлекет бетперде бағасын реттемейді. Ал төтенше жағдай режимінде мемлекеттік комиссия нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін ғана шекті бағаны белгілеген болатын. Онда да алыпсатарлар болған. Сондықтан бағаны 118 теңге қылу шешімі қабылданды, – деді вице-министр.
Пікір қалдыру