Үндістанда 190 жолаушы отырған Air India Express ұшағы Керала штатының әуежайында құлап, кем дегенде 18 адам қаза тапты.
"Дубайдан келе жатқан Boeing 737 ұшағы жаңбырда ұшып-қону жолынан шығып кетті және Каликут әуежайына қонғаннан кейін жарылды" деп хабарлады авиация қызметкерлері.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди "ұшақ апатына байланысты қайғыратынын" жеткізді.
Ақпаратқа сәйкес, апат болған жерде құтқару жұмыстары аяқталды және аман қалушылар Каликут пен Малаппурамдағы ауруханаларға жеткізілді.
"Ондаған адам жарақат алды, олардың 156-сы ауыр жараланған" деп хабарлайды шенеуніктер.
Air India Express екі ұшқыштың да қаза тапқанын хабарлады.
– Оқиға нөсердің салдарынан және нашар көруден болды. Бұл өте жойқын апат, –деп мәлімдеді үкіметтің жоспарлау комиссиясының жетекшісі Амитабх Кант.
Пікір қалдыру