Бүгін ұлт ретінде ұзақ күткен мерейлі күн. Қазақстан үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленген.
Мереке қарсаңында өткен шаралардың барлығы, елді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келгендіктен, халықтың амандығы үшін онлайн форматта өтті. Абай ескерткішінің алдында гүл шоқтары қойылып, мәдениет мекемелері түрлі концерттер мен қойылымдар сахналады. Сондай-ақ ұлы ойшылдың шығармалары әлемнің сегіз тілінде оқылмақ. Осы мақсатта "Abai World Challenge" атты бейнемарафон ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру