Коронавирустан сауығып шыққандардың үлесі 73,6%-ды құрайды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, деп жазады primeminister.kz.
А. Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады.
Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр.
Төсек орындарының жүктемесі 61%-ға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62%-ға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.
Премьер-министр Асқар Маман қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.
– Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр, – деді А. Мамин.
Пікір қалдыру