АҚШ құпия қызмет агенттерінің хабарлауынша Америка президенті Трампқа қастандық жасалмақ болған. Бұл туралы BBC хабарлады. Ақ үйдің жанында құпия қызмет агенттері мен қаруланған адам арасында атыс болғаннан кейін, қызметкерлер Трампты баспасөз мәслихатынан шығарып алып кеткен.
Құпия қызметтің ақпаратынша, күдікті Ақ үйді қорғайтын офицерге агрессивті жүгірген кезде атылған.
Кейінірек агент Трамп сөйлеп тұрған кезде күзетші сахнаға шығып, президентті алып кетті.
Құпия қызмет хабарламасында "офицер де, күдікті де ауруханаға жеткізілді, оқиға кезінде Ақ үйдің кешені бұзылған жоқ" делінген.
Трамп пен оның қызметкерлері кеткеннен кейін брифинг бөлмесінің есіктері бекітілді, журналистер де Ақ үйдің ішінде болған. Президент тоғыз минуттан кейін оралып, жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеген.
Пікір қалдыру