Айсұлтан Рахаттың соңғы жазбасы

/image/2020/08/16/crop-0_6_841x1496_mycollages-4.jpg

Бүгін Қазақстан экс-президентінің жиені Айсұлтан Рахаттың қайтыс болғаны хабарланды. Ол соңғы уақытта Facebook-те белсенді болып, өзі және отбасы туралы, Қазақстан билігіндегілер, құдай жайлы жиі жазған. 17 шілдеде жарияланған соңғы жазбасын "KAZ Minerals", "Қазақмыс Холдингтің" директоры Владимир Кимге арнаған.

"Жалғыз Құдай маған Владимир Владимирович Кимге және оның ұятсыз бригадасына Қазақстанның игілігін ұрлауды доғару керегін айтуды сұрады! Жезқазған мен Балқаш жойылып кету қаупінде тұр. Тек Нұрсұлтан Назарбаевтың сәл ғана араласуы жеткілікті! Сіз өзіңізді еркек сияқты сезінсеңіз, бәрінің алдында абыроймен жауап беріңіз! "Қазақмыс" және "Kaz Minerals" компаниясындағы тәртіпсіздіктер үшін жауап беріңіз! Мен сенің қарамағыңда жұмыс істедім және сен туралы ешқашан жаман сөз айтпадым. Бірақ сенің ол жерде жасаған бассыздығың менің жүрегімді айнытты!" делінген жазбада.

♦ ӘЛНҰР МҰСАЕВ АЙСҰЛТАННЫҢ ҚАЗАСЫ, ЛОНДОНДАҒЫ ӨМІРІ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘКЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

 

Айсұлтан Рахат постында Владимир Кимнің Қазақстан халқынан ақша ұрлағанына қатысты құжаттардың бар екенін мәлім еткен. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар