Әлнұр Мұсаев Айсұлтанның қазасы, Лондондағы өмірі, биологиялық әкесі туралы айтты

/image/2020/08/17/crop-7_6_337x598_57e3d501b7114.jpg

Оның сөзінше, Айсұлтанның қазасы есірткіге әуестігімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені оның денсаулығы жақсы болғанымен, есірткі қолданғаннан кейін ауыр депрессияға түсетін.

– Ол дем жетпейтінін айтатын. Кардиологтар жүрек талмасының белгілерін анықтайтын шығар. Оның денсаулығындағы кінәрәт есірткімен байланысты болды. Бірақ Айс менің үйімде тұрғанда есірткіге мүлдем жоламайтын. Соңғы рет ол менің үйімде былтыр көктемде ме, әлде жаз басында ма тұрды. Менікіне келгенде ол есірткі қолданғаннан кейінгі депрессияның ауыр түрінде еді. Дұрыс сөйлей алмайтын. Арада апта өткен соң ғана есін жиған, – деді Мұсаев.

ҰҚК экс-төрағасының сөзінше, Айсұлтан басындағы проблемаларға айналасындағылардың бәрін кінәлайтын.

Генерал сондай-ақ Лондонда оның соңынан аңдығанын, алайда өлтірілгені туралы қолында дерек болмағандықтан, дөп басып айта алмайтынын жеткізді.

Мұсаев Айсұлтан Лондонда қағаз жүзінде қазіргі KAZ Minerals, бұрынғы Қазақмыс корпорациясында менеджер ретінде істегенін, алайда оны ол жаққа кіргізбейтінін хабарлады.

 

•  Айсұлтан Рахаттың соңғы жазбасы

– Ол жұмысқа барғысы келетінін, бірақ оны кіргізбейтінін маған талай айтқан. Мұндай нұсқауды Назарбаев берген болуы мүмкін. Оның үстіне Владимир Ким де Айсұлтанды жақтырмайтын. Назарбаевқа үнемі жамандап жүретін. Айсұлтан Лондонда негізінен есірткі мен жеңіл жүрісті қыздарға әуес болды, –  деді ол.

Мұсаев Айсұлтан қаңтарда даулы мәлімдемелерін есірткінің буымен жасағанын, артынан есін жиғанда сол әрекеті үшін қатты өкінгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл әрекет Айсұлтанды психологиялық тұрғыда "жеп қойған". Кейінгі жазғандарын қаңтардағы ақымақтығын жуып-шаю үшін жариялаған. 

Экс-төраға facebook-те жариялаған ДНК тест нәтижесі жалған болғанын, оны Айсұлтанды Назарбаевтың өш алуынан қорғау әрі Дариға Назарбаеваны ақтап, қолдау үшін жасағанын жеткізді.

– Енді ол жоқ кезде шындықты айтуға болады. Шын мәнінде ол Рахаттың биологиялық ұлы емес. Бар білетінім осы, –  деді ол.

Пікірлер тізімі 10

  • default avatar
    21:41, 22 қыркүйек 2020

    Жаке

    Иманды болсын ?

  • default avatar
    06:27, 09 қыркүйек 2020

    Балзия

    Сәби емес қой, Дырдай жігітті қалай сәби дейсіз?, Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, арты қайырлы болсын Ин Ша Аллаһ солай болсын

  • default avatar
    06:22, 09 қыркүйек 2020

    Балзия

    Бұл дүниеде бәрі бір Алланың қалауымен

  • default avatar
    06:22, 09 қыркүйек 2020

    Балзия

    Аллаһ тағала Айсұлтанның бұл жалған фәнидегі біліп-білмей жасаған күнәларын кешірім етсін Ин Ша Аллаһ

  • default avatar
    19:15, 08 қыркүйек 2020

    Құрман

    Бір мемлекеттің қауіпсіздігіне жауап берген генералдың бұл қай сандырағы? Обал емес пе, аруақтардан!.... Офицер намысы деген қайда? Нағыз сілімтік екен ғой, мына байғұс...

  • default avatar
    04:51, 24 тамыз 2020

    Аноним

    Сәбидің күнәсі жоқ.......Жатқан жерің торқа болсын.

  • default avatar
    20:40, 19 тамыз 2020

    Абай

    Иманы саламат болсын,жайы жәннәттән болсын,жасай алмаған жасын бала шағасы жасасын,имандыболсын.

  • default avatar
    20:07, 19 тамыз 2020

    Гульмира

    кандай платформа

  • default avatar
    17:07, 19 тамыз 2020

    Акмарал

    Қайтыс болған адамның артынан артық әңгіме айтып не керек?!(есірткі,жеңіл жүрісті қыздар т.б)

  • default avatar
    05:25, 19 тамыз 2020

    Оспан

    Салем

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар